Бізде үнемі осы! Желіде соңғы қоңыраудағы жаппай төбелестің видеосы тарады
shkolazhizni.ru
Маңғыстау облыстық ПД баспасөз қызметі хабарлағандай, 7 адам ұсталды.
Желіде Бейнеу ауылындағы кәмелетке толмаған жасөспірім - түлектер төбелесінің видеосы пайда болды, деп хабарлайды zakon.kz.
Маңғыстау облыстық ПД баспасөз қызметі хабарлағандай, 7 адам ұсталды.
25 мамырда сағат 11:00 шамасында Бейнеу ауданы, Бейнеу ауылында Ж.Қалдығараев және Ы.Алтынсарин атындағы мектеп оқушылары арасында төбелес басталды. 7 адам оқиға орнында ұсталып, мән-жайды анықтау үшін полиция бөліміне жеткізілді. Аталған факті Бейнеу ауданының полиция бөлімшесінде ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы (бұзақылық) бойынша тіркелді, деп атап өтті департаменттегілер.
"Соңғы қоңырау" күніне байланысты полиция күшейтілген қызмет түріне көшті.
Видеоны түсіріп тұрған әйел: "Бізде жылда үнемі осы", - дейді.
Соңғы қоңыраудан кейін де түлектер жақсылап тойлатқан секілді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript