Жансая Әбдімәлікті тамаша жеңісімен Тоқаев құттықтап қойды

2 Маусым 2021, 15:28
Сурет: facebook.com / Берік Уәли

Мемлекет басшысы Жансая Әбдімәлікті ФИДЕ Гран-приіндегі тамаша жеңісімен құттықтады. Қасым-Жомарт Тоқаев бұл жеңістің баршамыз үшін зор мақтаныш екенін айтты, деп хабарлайды zakon.kz.

Жансая – ерлер арасындағы гроссмейстер атағына қол жеткізген тұңғыш қазақстандық шахматшы қыз. Оның жетістігі елімізде осы спорттың дамуына тың серпін берері сөзсіз, делінеді.

Бұған дейін Гибралтарда шахматтан әйелдер арасындағы Гран-при турнирінде қазақстандық Жансая Әбдімәлік ел тарихындағы айтулы жетістікке қол жеткізген. Шахматшы үлкен додалардағы жетістіктерінің арқасында ер гроссмейстердің нормасын орындап тастады. Ол Қазақстанда, сондай-ақ Орта Азияда осындай атаққа жеткен тұңғыш бұрымды болып отыр, дейді vesti.kz.

Бұл жетістікке Қазақстаннан соңғы рет 2009 жылы Ринат Жұмабаев жеткен еді.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?