Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстанда көшеде жүрген ковид науқастарға айыппұл салына бастайды

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.06.2021 16:24 zakon.kz
Айыппұл көлемі - 30 АЕК немесе 87 510 теңге.

Өзін-өзі оқшаулау режимін қасақана бұзған қазақстандықтар жазаланатын болады, деп хабарлайды zakon.kz.

Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Денсаулық сақтау министрлігінің КВИ науқастар мен олармен байланыста болғандарға оқшаулау режимін сақтауды да міндеттеуді қарастыратын бірқатар санитарлық ережелерді бекіткенін хабарлады.

Осы талаптарды орындамағаны үшін әкімшілік жаза қарастырылған. Бұл ереже 2021 жылы 10 маусымда күшіне енеді. Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығына сәйкес, өзін-өзі оқшаулау режимін бұзушылар Ashyq қосымшасының көмегімен анықталады, - деп хабарлады СЭБК.

Ashyq қосымшасының көмегімен қоғамдық орындарда болғандардың барлығы тексеріледі, сол кезде "қызыл" мәртебеге ие адамдар да анықталып жатады.

Карантиндегі науқас адамның санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтамауы, Әкімшілік кодекстің 802-бабына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғауға негіз болады және оған қатысты әкімшілік шаралар қабылданады.

Егер адам өзінің коронавируспен ауыратынын біле тұра, өзін-өзі оқшаулау режимін бұзса және басқаларға жұқтыру қаупін әдейі тудырса, оған 30 АЕК немесе 87 510 теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұл түрінде жаза тағайындалады. Ashyq платформасындағы деректер Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің бірыңғай ақпараттық жүйесінен алынатынын атап өткен жөн, - дейді комитеттегілер.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: