Жаңалықтар тізбегі
0

Ас беруге рұқсат етілді. Алматы бас санитарлық дәрігерінің жаңа қаулысы шықты

Алматы әкімдігі, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.06.2021 22:09 Алматы әкімдігі
Жаңа қаулы 8 маусымда, яғни "сары" аймаққа өткеннен кейін 7 күннен соң күшіне енеді.

Алматыда ас беруге рұқсат етілді. Сауналар, курорттық орталықтар, базарлар мен сауда орталықтары қаланың "сары" аймаққа енуіне байланысты жұмыс істеуге мүмкіндік алды. Бас санитарлық дәрігер Жандарбек Бекшиннің қаулысында тағы қандай өзгерістер барын тізбелейміз, деп хабарлайды zakon.kz.

1 маусымда Алматы "қызыл" аймақтан шықты. 5 маусымда Бекшин Алматының "сары" аймаққа енуіне байланысты жаңа қаулыға қол қойды. Онда кафе мен мейрамханаларға сағат 7: 00-ден 2: 00-ге дейін, ал фуд-корттарға - 10: 00-ден 00: 00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етілгені айтылған.

Бүгін, 7 маусымда бас дәрігер брифингте тағы қандай өзгерістер барын түсіндірді.

Біз объектілерді екі блокқа бөлдік: Ashyq қосымшасына қатыспайтын объектілер және Ashyq қосымшасына қатысатын объектілер. Айталық, қоғамдық тамақтану орындары сағат 00: 00-ге дейін жұмыс істей алады, бірақ орындар саны 60-қа дейін өсті. Енді ас беруге рұқсат етіліп жатыр, бірақ шақырылған адамдар саны 50-ден аспауы керек. "Қызыл" аймақта болған кезде боулинг орталықтары келушілер саны 30% -дан аспайтын көлемде жұмыс істеді, ал қазір бұл көлем 50% -дан аспауы тиіс делінеді, яғни бильярдпен бірдей. Театрлар, кинотеатрлар адам қабылдау көлемінің 40 пайызы деңгейінде жұмыс істей алады, бұрын ол 30 пайызды құрады, - деді ол.

Сондай-ақ ол кезекші топтарда енді 25 баладан оқи алатынын (алдында 15 бала болған) жеткізді, кеңсе қызметкерлерінің 50 пайызы офлайнда жұмыс істеуіне рұқсат, жабық және ашық базарлар ешқандай шектеусіз жұмыс істей алады (алдында олардың жұмысына сенбі, жексенбі күндері тыйым салынған).

Ashyq жобасына қатысатын сауналар, курорттар, спорт кешендері, фитнес орталықтар, йога орталықтары да шектеусіз жұмыс істей алады.

Жаңа қаулы 8 маусымда, яғни "сары" аймаққа өткеннен кейін 7 күннен соң күшіне енеді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: