Жаңалықтар тізбегі
0

Талғат Донақов қызметінен босатылды

matritca.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.06.2021 23:41 matritca.kz
Талғат Донаков 1965 жылы 16 қаңтарда Семей облысында дүниеге келген.

Талғат Донақов Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің төрағасы қызметінен босатылды, деп хабарлайды zakon.kz.

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Талғат Советбекұлы Донақов Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің төрағасы лауазымынан босатылды", делінген Ақорда хабарламасында.

Талғат Донаков 1965 жылы 16 қаңтарда Семей облысында дүниеге келген.

Білімі мен білігі:

С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген (1987), заңгер; КСРО Ғылым академиясының Құқық және мемлекет институтын аспирантурасын бітірген (1991). Заң ғылымдарының кандидаты (1991). 1987 жылдан - КСРО Ғылым академиясының Мемлекет және құқық институтының аспиранты.

Еңбек жолы:

1991 жылдан - ҚР Ғылым академиясының Құқық және философия институтында кіші ғылыми қызметкер, ғылыми хатшы, ҚР Ғылым академиясы мемлекет және құқық институтында ғылыми хатшысы.

1992 жылдан - ҚР Жоғарғы Кеңесі төрағасының кеңесшісі.

1993 жылдан - ҚР Жоғарғы Кеңесінің заң шығару бөлімінде меңгерушінің орынбасары.

1994 жылдан - ҚР Президенті Әкімшілігі Аппаратының заң шығару және сот жүйесі мәселелері жөніндегі бөлімінің кеңесшісі, сектор меңгерушісі, меңгерушісінің орынбасары, заң шығару және құқықтық сараптау мәселелері жөніндегі меңгерушісінің орынбасары.

1997 жылдан - ҚР Президенті Әкімшілігінің сот жүйесі және заң шығару меселелері жөніндегі білім меңгерушісі.

1999 жылдан - ҚР Президенті әкімшілігінің мемлекеттік-құқық бөлімі меңгерушісінің бірінші орынбасары.

2000-2002 жылдары - ҚР Әділет Министрлігінде білім вице-министр.

2004 жылдан - ҚР Президенті Әкімшілігінің құқық сараптау және заң шығару бөлімінің меңгерушісі.

2008 жылдың ақпан айынан - ҚР Президенті Әкімшілігі Мемлекеттік-құқық бөлімінің меңгерушісі.

2008 жылдың қазан айынан 2015 жылы - ҚР Президенті Әкімішілігі жетекшісінің орынбасары.

2015-2016 жылдары - ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрі

2016-2018 жылдары - ҚР Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары

2018 жылдың сәуірінен бастап бүгінге дейін Қазақстанның Жоғарғы Сот Кеңесінің төрағасы болды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: