Владимир Божко жаңа қызметке тағайындалды

inform.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.06.2021 18:30 inform.kz
Ол Кәсіби әскерилендірілген апаттық-құтқару қызметі Республикалық орталық штабы (КӘАҚҚ РОШ) бақылау кеңесі төрағасының орынбасары болып тағайындалды.

ҚР Парламенті Мәжілісі төрағасының бұрынғы орынбасары Владимир Божко Кәсіби әскерилендірілген апаттық-құтқару қызметі республикалық орталық штабында жаңа қызметке кірісті, деп хабарлайды zakon.kz.

2021 жылдың 1 маусымынан бастап Владимир Божко Кәсіби әскерилендірілген апаттық-құтқару қызметі Республикалық орталық штабы (КӘАҚҚ РОШ) бақылау кеңесі төрағасының орынбасары болып тағайындалды.

1971 жылы Владимир Божко Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын, 1976 жылы КСРО МҚК Жоғары курстарын бітірді. Мамандығы: "Тау-кен жұмыстарын электрлендіру және автоматтандыру"; "Операциялық құрам".

Бұған дейін әр жылдары ол Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті жүйесінде жетекші қызметтер атқарды. Генерал-лейтенант шені бар.

2007-2014 жылдар аралығында Владимир Божко Төтенше жағдайлар министрлігін басқарды, ал 2016 жылы Мәжіліс Төрағасының орынбасары болып сайланды.

Отан алдындағы ерекше қызметі үшін ол I дәрежелі "Барыс", II дәрежелі "Айбын" ордендерімен, КСРО, Қазақстан Республикасының және шет елдердің 43 медалімен марапатталған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Пікірлер (0)
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: