Жаңалықтар тізбегі
0

Шымкентте есігінен кіргізбей қойған басшы кабинетіне ашулы топ терезеден кірді

иллюстрация үшін алынды, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.06.2021 15:47 иллюстрация үшін алынды
17 жыл бойына зарлап, өз сөзін өткізе алмаған қаймана жұрт кезекті рет өздерін тыңдағысы келмей, есігінен кіргізбей қойған басшы кабинетіне терезеден секіріп кірді.

Шымкентте 2007 жылы жұмыс бабымен қоныс аударып келген 81 теміржолшы отбасы далада қалдық деп отыр. "Қазақстан темір жолы" компаниясы оларға үй салуға жер бергенмен, жер телімі қызыл сызықта орналасқан болып шықты. Сондықтан бұл жер теліміне жұмысшылар баяғыда үй салып алғанмен, әлі күнге дейін су, газ тарттырып, жол салдыра алмай отыр, деп хабарлайды zakon.kz КТК-ға сілтеме жасап.

17 жыл бойына зарлап, өз сөзін өткізе алмаған қаймана жұрт кезекті рет өздерін тыңдағысы келмей, есігінен кіргізбей қойған басшы кабинетіне терезеден секіріп кірді.

Сарыағаш ауданындағы Алғабас теміржол стансасының бір топ теміржолшысы бүгін Шымкенттегі кеңсеге келді. 2007 жылы "Қазақстан темір жолы" компаниясы Шеңгелді станциясынан 385 отбасын 40 шақырым жердегі Алғабасқа көшіріпті. Бәріне 10 сотықтан жер бөлгенімен, 81 учаске қызыл сызық үстіне түскен. Басшылар "шешіп береміз" деген соң үй салғандар содан бері сандалып жүр.

Нұржамал Тәшімбетова, теміржолшы:

- "Сіздерге үш жылдың ішінде газ, су, мектеп салып береміз, осы жерден жер беріп жатырмыз, өтініш, барлық теміржолшылар, көшіңіздер" деді. Олардың сөзіне сеніп, өкіметтің сөзіне сеніп көшіп келдік. Үй-жайды тастап, бала-шағаны алып келдік
.

Қызыл сызық үстіне жаппай үй салғанымен, тіркеусіз қалған 81 отбасы қазір үлкен ауылға айналған. Бірақ үй құжаты болмаған соң ешқайда есепте жоқ. Билік заңсыз тұрып жатырсыңдар, деп, не су, не жол жүргізбейді. Тіпті осының кесірінен әлеуметтік жәрдемақыдан да қағылыпты. Тұрғындар түгел ақша беріп жан-жақта тіркеуде тұр.

Жансая Қырғызбек, көпбалалы ана:

- Тіркеуге тұру үшін есептеңіз, төрт балаға 40 мың кетеді, өзім бар, күйеуім бар. Жетпейді ғой енді, су құйдырасың, анау-мынау істейсің. Соның шешімі болу үшін құжаттарымызды шығарып, базасына мемактімізді енгізіп берсін.

Шымкентте отыратын басшыларына балаларын жетектеп жүз шақырым жерден жеткен әйелдерді ішкі кіргізбей қойды. Тіпті есікті кілттеп алған. Бірақ олардың әрекеті онсыз да наразы топтың ашуын туғызды.

- Бізді көре сала есігін құлыптап "індеріне" кіріп кеткендерін қара.

- Жараспайды ғой теміржол әкімдігіне.

- Ей, алдыңа біз Сарыағаш ауданынан келіп отырмыз. Көршің емеспіз, аш есікті!

Бірақ терезеден сығалағандар есікті ашқан жоқ. Ашуға булыққан топ есікті қойып терезеден кірді. Әйелдердің кетпейтінін түсінген басшылық амалсыз шықты. Қаумалап мәселесін жаудырған топқа жөнді жауап бере алмады. Мәселені біресе "білеміз", біресе "білмейміз" дегендер жердің шешімін шығарып берген Сарыағаш әкімі "басын ауыртсын" дейді.

Ерғали Жансейітов, ҚТЖ Шымкент филиалы заң бөлімінің басшысы:

- Былық әкімдіктен.

- Сіздердің қатысыңыз жоқ па?

- Жоқ.

- Бірақ жерді әу баста бастап, шақыртқан сіздер ғой.

- Иә, иә, иә. ҚТЖ сол берген құжаттарын да тексеру керек. Қандай негізде кенін. Қазір құжаттарын, рұқсат құжатын талап етеміз.

"Қазақстан темір жолы" компаниясы теміржолшылардың 14 жылдан бері айтып келе жатқан шағымын енді зерттемек. "Керек болса жерге шешім шығарып берген әкімдікті сотқа береміз" деген олар әйелдерді сабырға шақырып әзер қайтарды. "Қажет болса терезеден де тайынбаймыз" деген теміржолшылар мәселе шешілмесе, ұл-қызын жетектеп темір жолмен Елордаға бармақшы.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: