Жаңалықтар тізбегі
0

Жолда дәу жігітке жеті полиция қызметкері жабылып жатқан видео тарады

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.06.2021 23:16 zakon.kz
Маңғыстау облысы ПД баспасөз қызметі бұл 8 маусымда болған оқиға екенін растады.

Көлік жолаушысы мен полиция қызметкерлері арасындағы төбелестің видеосы әлеуметтік желілерде қызу талқыланып жатыр. Оқиға Маңғыстау облысында болған. Полиция оқиғаға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды zakon.kz.

Маңғыстауда дәу жігіт полиция қызметкерлерімен төбелесе кетті. Ол полиция тоқтатқан көліктің артқы орындығында отырған. Артқы орындықта отырып, есін жинап отырған. Оған, әрине полицияның өзі мінген көлікті тоқтатқаны ұнамағаны сөзсіз. Ол сыртқа шығып, долдана бастады, оны жеті полиция қызметкері жабылып тыныштандыруға мәжбүр болды. Ер адамға бағынбағаны үшін айыппұл салынды. Жүргізушіге сақтандыру құжатының жоқтығы үшін әкімшілік құқық бұзушылық бойынша жаза тағайындалды, - делінген видео сипаттамасында.

Маңғыстау облысы ПД баспасөз қызметі бұл 8 маусымда болған оқиға екенін растады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Новости Казахстана (@42500_tenge)

Сағат 21.30-да "Қауіпсіз жол" профилактикалық іс-шарасы кезінде Ақтау полиция бөлімінің патрульдік полиция батальонының қызметкерлері LADA Priora көлігін құжаттарды тексеру үшін тоқтатқан, деп хабарлады полиция.

Көлік жүргізушісінде сақтандыру полисі жоқ болып шықты.

Жүргізушімен сөз жүріп жатқанда көліктен бір жолаушы түсті. Ол өзін агрессивті ұстап, өздерін тоқтатқанға наразылығын білдіріп, жүргізушіні босатуды талап етіп, төбелес бастады.

Мас әрі агрессивті жолаушының заңсыз әрекеттерінің алды алынды. Оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 667-бабы, "Құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік орган қызметкерінің заңды бұйрығына немесе талабына бағынбау" бойынша хаттама толтырылды. Материал сотқа жіберілді. Автокөлік иесіне қатысты ҚР Әкімшілік кодексінің 230-бабы, 2-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды, деп хабарлады облыстық ПД.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: