Түркістан облысында жоғалып кеткен 4 турист табылды
2021 жылдың 7 маусымында полицияға Сайрам-Өгем шатқалында 4 адам жоғалып кеткені туралы хабарлама келіп түсті. Шымкенттен келген жергілікті тұрғындардың отбасы екі автокөлікпен «Безымянный» шыңына аттанғаны анықталды, деп хабарлайды zakon.kz Түркістан облысы ПД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Әже, оның келіні мен екі немересі төменде қалған, ал 1981 және 1984 жылғы екі ер адам 2005 және 2008 жылғы екі ұлымен бірге өз жолдарымен жүріп кеткен. Олар 9 маусымда қайтып келуі керек еді, бірақ келмегеннен соң төменде қалған әже мен келіні уайымдап, 102 нөмірі арқылы Төлеби ауданының полиция бөліміне хабарлаған.
Полиция қызметкерлері дереу арызды тіркеп, полиция қызметкерлері, ТЖД және қорықшылар қатарынан үш мобильді топты құрып, іздеу жұмысына жұмылдырылды. Олар жаяу жүріп Сайрам-Өгем табиғи қорығының аумағын тінтіді. Яғни мемлекеттік саябақтағы шатқал, массивтер, жар, тау бөктері мен тау беткейлерін мұқият қарап шықты.
10 маусымға қараған түні іздеу шараларының нәтижесінде мобильді топтардың бірі жоғалған туристерді дін аман тауып, туыстарына қайтарды. Белгілі болғандай, туристер екі тау өзенінің арасында жоғалып, жүріп келе жатқан жолдарынан адасып кеткен.
Түркістан облысының полицейлері азаматтарға мұқият болуды және алдын ала белгіленген жолдарынан басқа жаққа қарай шықпауды, туыстарына жол жүрулері мен діттеген жерге қалай жетуді жоспарлағаны жайлы хабардар ету керектігін ескертеді. Міндетті түрде алдын ала ауа райы болжамын қараңыз. Жолға шыққанда карта, компос және зарядталған ұялы телефонды жаныңызда алып жүріңіз.