Әкім тұрақтамайтын ауыл бар

видеодан кадр, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.06.2021 16:43 видеодан кадр
Жұртшылық екі жылдың ішінде үш бірдей басшының ауысқанын айтады.

Алматы облысындағы Береке елдімекенінде шешілмеген мәселе шаш етектен екен. Оны айтып шағымданатын басшы жоқ. Айналдырған екі жылдың ішінде 3 бірдей әкім ауысыпты. Оның бірі сотаталып кетсе, қалғандары өз еріктерімен бас тартыпты. Неге?

Бұл туралы "Еуразия" бірінші арнасы хабарлайды.

Береке ауылының орталық көшесі еліміздің бас қаласының құрметіне "Астана" деп аталыпты. Асфальты жоқ көшеге жол белгісін қойғанды көрдіңіз бе? Оның үстіне жылдамдықты да шектеп қойған екен. Ал жүргізушілер қауымы сағатына 40 шақырыммен жүрудің өзі мұнда арман деп отыр.

Алайда көшенің аты затына сай емес. Жартысына жүртшылық тас төсеген. Қалған бөлігінің шаңы аспанға көтеріліп жатыр. Көлік түгілі жаяу адамның өзі әзер жүреді. Ал көктем мен күзде ми батпаққа айналады екен. Сол кездерде жергілікті таксилер бағаны адам басына мың теңгеге көтеретін көрінеді. Жол азабын әбден тарқан жұртшылық үкімет асфальт салып, қоғамдық көлік мәселесін шешіп берсе деп отыр.

Жандарбек Жүнісбайұлы, Елтай ауылының тұрғыны:

Елтай, Қаратөбе, Исаев, Береке ауылдарында бірдебір транспорт жоқ. Бізде бірде-бір автобус болмағандықтан адамдар таксимен барады қымбатпен. Ол қашанға дейін өйтіп жүреміз. Бізге ең керектігі оңай автобуспен жүретін бізге барахолка деп аталып кеткен солтүстік айналма жолмен баратын Кенжехан мен Әдем сауда орталығына баратын автобус керек.

Бекайым Дүйсенбекова, Береке ауылының тұрғыны:

Біз жақа қарай не көлік жүрмейді не жол салынбайды. Светіміз қымбат. Осындай проблемаларды айтқаннан кейін әкімшілік тұрмайды бір орында. Постоянна әкімшілігіміз ауысады да тұрады. Біздің проблемамамызды шешіп жатқан жоқ. Биыл біздің келгенімізге екінші жыл уже екінші ма үшінші әкім келіп жатыр ғой.

Ауылдық округкке әкім тұрақтамайды екен. Жұртшылық екі жылдың ішінде үш бірдей басшының ауысқанын айтады. Бір сотталып кетсе, қалғандары өз еріктерімен бас тартыпты. Енді назымызды кімге айтарымызды білмейміз, дейді ашынған жұрт. Себебі әкімнің қандай жүмыс атқарғанынан жұртшылық бейхабар.

Несібелі Тілеубергенова, Береке ауылының тұрғыны:

Март айының аяғында тайып жығылып, құймышағымды сындырып, бір жарым айдан бері жата алмай, отыра алмай жүрдім. Біздер Қарасай батыр мен Ысқақов көшелерінің тұрғындары 80 адам подпись қойып, хат жаздық. Мына акиматқа, районный акиматқа и областнойға жібердік. Ответа нету!

Ал ауылдық округ әкімінің орынбасары Алматыдағы автопарк басшылығына автобус жүргізу туралы хат апарып бергенбіз, әлі жауап жоқ, дейді. Ал жарық мәселесіне келгенде нақты жауап бере айлмайтыны жеткізді. Өйткені келгеніне көп болмапты. Сондықтан ауылдық округке тиесі мәселелелірді толық білмейді екен. Қолымнан келгенше мәселені шешуге тырасымын дегеннен ары аса алмады.

Біржан Белғожаев, Елтай ауылдық округі әкімінің орынбасары:

Биылға 2021 жылға Елтай окуругінде, Елтай ауылында Қажыбай көшесі, Жармұхамбет пен Қонаев көшесі, Көкөзекте Бәйтерек көшесі жасалады. Берекеде биылға жоқ.

Келесі айда ауыл әкімдерінің сайлану өтеді екен. Әзірге кімдердің сайлауға түсетіні де белгісіз.

zkadm
Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: