Елімізде жасөспірімдердің неге суицидке баратыны айтылды

gazeta.ru, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.06.2021 17:28 gazeta.ru
Министрліктің хабарлауынша, 2021 жылы кәмелетке толмағандар арасында 248 өз-өзіне қол жұмсау әрекеті тіркелді.

Еліміздегі жасөспірімдердің өз-өзіне қол жұмсауының себептері аталды, деп хабарлайды zakon.kz.

ҚР Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі жасөспірімдер арасында өз-өзіне қол жұмсау оқиғалары, өкінішке орай, сиремей тұрғанын мәлімдеді.

Себептер әртүрлі. Туыстық қатынастардағы дүрдараздық әрбір үшінші жағдайды құрайды, өзін жалғыз сезінуі - 12%, достарымен қарым-қатынастың бұзылуы - 10%, оқу орнындағы жанжалдар, қолайсыз қаржылық жағдай - 3%, делінген министрліктің хабарламасында.

Министрліктің хабарлауынша, 2021 жылы кәмелетке толмағандар арасында 248 өз-өзіне қол жұмсау әрекеті тіркелді.

164 кәмелетке толмаған бала құтқарылды. Өкінішке қарай, 84-і қайтыс болды, - дейді ҚР ІІМ.

zkadm
Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: