Жаңалықтар тізбегі
0

КСРО әлі бар, міне дәлелі! Желідегі ақпарат жұртты таң қалдырды

иллюстрация үшін алынды, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.06.2021 18:31 иллюстрация үшін алынды
Мұндай ақпарат Телеграм арнасының парақшасында жарияланған.

Желіде КСРО-ның мүлдем ыдырамағаның, жасырын түрде әлі де бар екендігінің "дәлелі" ретіндегі Ресей банкі сайтының мәліметінен скриншот жарияланды, деп хабарлайды zakon.kz.

Бұл - жалған ақпарат, деп хабарлайды stopfake.kz.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.06.2021 18:31

"01.06.2021 ж. бастап бұрынғы КСРО-ның сауда және несие келісімдері бойынша Ресей Федерациясының шет мемлекеттермен төлем және есеп айырысу қатынастарында қолданылатын рубльге қатысты КСРО Мемлекеттік банкінің шетел валюталарының ресми бағамдар" деген тақырыптағы Ресей банкі сайтының скриншотын КСРО-ның әлі де бар екендігінің дәлелі ретінде қарастыруға болмайды. КСРО ыдырағаннан кейін бір кездері болған мемлекет шет елдермен қол қойған несиелік келісімдер күшін жоғалтпағандықтан, мұндай валюта бағамдары жарияланады. Қарыздарды қайтару және валюта бағамындағы сәйкессіздіктерді жою үшін Ресей банкі 1992 жылғы 30 қарашада мәлімдеме жасады", делінген бұл фактіге қарсы келтірілген түсініктемеде.

Кеңес Одағының ыдырауы – тарихи факт. Оны РКФСР Жоғарғы Кеңесінің 1991 жылғы 12 желтоқсандағы "КСРО құру туралы шарттың күшін жою туралы" қаулысы және 1991 жылғы Беловеж келісімі растайды.

"Ресей банкі бұрынғы КСРО-ның мемлекеттік несиелері мен сауда келісімдері бойынша қарыз алушы елдермен төлем-есеп айырысу қатынастары үшін және Ресей Федерациясының «Ресей Федерациясының ақша жүйесі туралы» Заңының мәтінімен сәйкессіздіктерді жою үшін КСРО Мемлекеттік банкінің шетел валюталарын рубльге ай сайынғы бағамдауын жалғастыруда, оның деңгейі мен оны белгілеу механизмін сақтайды", делінген мәлімдемеде.

Төрткүл дүние әлемдегі ең үлкен мемлекеттің ыдырауының куәсі болды. Осы оқиғаға, оның алғышарттарына, талдауға арналған мақалаларды көптеген тілдерде оқуға болады.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: