Алматыда адам қаққан полицей мас болған ба?

видеодан кадр, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.06.2021 18:07 видеодан кадр
Жүзбен келе жатқан. 25 метрге ұшырып жіберген.

Алматыда патрулдік полицей адам қағып өлтірді. Қайғылы оқиға таңғы 7 шамасында Алатау ауданында болған. Тәртіп сақшысы өз кінәсін толық мойындап, қара жамылған отбасы мен марқұмның туыстарына қайғырып көңіл айтып жатыр. Ол өз әрекеті үшін кешірім де сұрады. Бірақ қаза болған әйелдің жақындары рөлге отырған кезде формадағы қызметкердің сау болғанына күмәнмен қарайды. Сақшының сайтан судан ұрттағаны рас па? тергеу қалай жүріп жатыр?

Бұл туралы "Еуразия" бірінші арнасы хабарлайды.

Өтемісов көшесімен жүйіткіп келген полицей дәл осы жерде көлік тізгініне ие бола алмай, жолдың жиегіне соғылып, одан кейін мына жаппаның астында тұрған үлкен шаңсорғышты 20 метрге дейін алып кеткен. Ал марқұм болған келіншек оның артында тұрыпты. Оның денесін 25 метр жерге дейін ұшырып жіберіпті.

Трассадан шығып кеткен полицейдің қызметтік көлігінің көлік жуатын жерде Газельге соғылып тұрғаны анық көрінеді. Ал, куәгерлер оның жүргізушісінің жоғары жылдамдықпен келіп адам қаққанын айтуда. Зардап шеккен әйел жедел жәрден жеткенше жан тапсырыпты.

Жұлдызай, құрбысы:

Мен қайтыс болғанын енді естіп отырмын . Ол кісінің аты Нұрсәуле. Көлік жуу орталығының әкімшісі.

Егер көлік жуу орталығының әкімшісі Газель болмағанда полицияның көлігі тоқтамайтын еді деп топшылауда.

Юрий Приходько, көлік жуу орталығының әкімшісі:

Мына жерде Газель автокөлігінің жүргізушісі тұрды. Ол сол сәтте машинасын енді жуып болған еді. Партульдік көлік соған соғылып барып, тоқтады. Ал келіншек одан ары ұшып кетті. Құны бір жарым миллион теңге тұратын шаңсорғышты Газельге дейін сүйреп апарып, мыжып тастаған.

Марқұм болған келіншектің аты-жөні Нұрсәуле Салықбаева. Туыстарының айтуынша, ол таңертең жұмыстан шығып, биыл мектеп бітірген кенже ұлының аттестат алу рәсіміне баруы тиіс болыпты. бірақ, табан астында болған оқыс оқиға бір отбасын қара жамылдырды. марқұмның жақындары оның өліміне себепкер болған полиция қызметкерін жауапқа тартуды талап етуде.

Сүмбілшаш Айтуғанова, марқұмның қайын апасы:

Мүмкін емес қой таңертең жұмыстан шығып келе жатқан адамды қағып кету. Тем более жұмысының алдында. 50-40 болса, жүзбен келе жатқан ғой. 25 метрге ұшырып жіберген. Насмерть кеткен. Бастан дым жоқ. Жазасын естественно алады. Алмау мүмкін емес. Өзіңіз ойлаңыз екі балаға кім қарайды?.

Көп ұзамай полиция департаментінің баспасөз қызметі адам қаққан тәртіп сақшысының видеосын жариялады. Оның айтуынша, кенеттен алдына атып шыққан көлікке соғылмау үшін көлік жуу орталығына бұрылыпты. Сол кезде рөлге ие бола алмай қалған көрінеді.

Бахтияр Төлеутай, күдікті:

Жол-көлік апаатын болдырмау үшін сол жақа қарай бұрылып кеттім. Сол жерде әйел адамды қағып кеттім байқаусызда. Кінәмді толық мойындаймын. Шын көңілден көңіл айтам қайғырып, өз кінәмді толықтай мойындаймын.

Ал полиция департаментінің өкілдері марқұмның отбасына жан-жақты көмек көрсетілетіні жеткізді.

Қазір қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары қолға алынған. Егер күдіктінің кінәсы дәлелденетін болса 10 жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін.

zkadm
Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: