Мамай Байбек туралы айтқандарын интернеттен "өшіретін" болды

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.06.2021 18:35 zakon.kz
Сот жауапқа тартылушыларға шешім заңды күшіне енгеннен кейін 10 күн ішінде жарияланған материалдарды теріске шығарып, оны жоюға бұйрық берді.

Бауыржан Байбек сотта жеңіске жетті, деп хабарлайды zakon.kz.

Алматы қаласы Әуезов ауданының No2 аудандық соты Алматы қаласының экс-әкімінің Жанболат Мамай мен Инга Иманбаеваға қатысты талап-арызы бойынша азаматтық істі қарады.

Сот айыпталушылар таратқан барлық мәліметтер ешқандай дәлелмен расталмайды, негізсіз және ойдан шығарылған деп қорытынды жасады, - делінген сот хабарламасында.

Айта кету керек, барлық ақпараттың сүйенген дерек көзі тек сыбыс пен ойдан шығарылған, тексерілмеген ақпараттан тұратын анонимді телеграмм-арна болып табылады.

2021 жылы сәуірде сотқа тартылушылар YouTube видеохостингінің "Демократиялық Қазақстан / Демократический Казахстан" арнасына 4 видео орналастырды. 2021 жылғы 10 сәуірдегі видеоның көшірмелері олардың Facebook, Instagram әлеуметтік желілеріндегі жеке парақшаларында да орналастырылды.

Мамай мен Иманбаева әлеуметтік желілерде берілген ақпараттың шындық екенін дәлелдей алмады. Сот ісінің бірқатар тармақтары бойынша өз ұстанымдарын қолдау үшін олар тек әлеуметтік желілердегі және бұқаралық ақпарат құралдарындағы жазбаларға сілтемелер берді. Олар талаптың бірқатар тармақтарымен мүлдем келіспеген, - делінген хабарламада.

Талапкерді қылмыс жасады деп айыптайтын тексерілмеген әрі жалған ақпарат тарату арқылы сотқа тартылушылар оның моральдық құқықтарын бұзды.

Сот жауапқа тартылушыларға шешім заңды күшіне енгеннен кейін 10 күн ішінде жарияланған материалдарды теріске шығарып, оны жоюға бұйрық берді.

zkadm
Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: