Жаңалықтар тізбегі
0

Петропавлда жол апатына ұшыраған велосипедші "сальто" жасап, тәлтіректеп қалды

видеодан алынды, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.06.2021 17:18 видеодан алынды
Петропавлда жол-көлік оқиғасына тап болған 39 жастағы велосипедші әкімшілік жазаға тартылды.

Петропавлда бірнеше жол апатына себепші болған екі велосипедші жауапқа тартылды, деп хабарлайды zakon.kz.

Polisia.kz мәліметі бойынша, Петропавлда жол-көлік оқиғасына тап болған 39 жастағы велосипедші әкімшілік жазаға тартылды.

14 маусым күні “Айсберг” сауда үйінің маңынан өтіп бара жатып, қатты жылдамдықпен ғимараттың артқы жағынан шыққан Lada автокөлігіне соғылған. Жол-көлік оқиғасына қатысушылардың бір-біріне шағымы жоқ. Велосипедшіге қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 615-бабы (Жаяу жүргiншiлердiң және жол жүрісіне өзге де қатысушылардың жол жүрісі қағидаларын бұзуы) бойынша хаттама толтырылды. Баппен екі айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл көзделген.

Осыған ұқсас оқиға айдың басында видеоға түсіп қалып, Петропавлдың әлеуметтік желілерінде тараған еді. Бір супермаркеттің маңында түсірілген видеода 29 жастағы қала тұрғыны Lada-21901 автомобиліне жол бермей, көлікке соғылып, капоттан ұшып өткен. Оқиға орнына жедел жәрдем шақырылған, алайда, жігіт дәрігерлердің көмегіне жүгінбеген. Полицейлер жол-көлік оқиғасына қатысушылардың бір-біріне ешқандай қарсылықтарының болмағанын тіркеп, велосипедшіге қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 615-бабы бойынша хаттама толтырды.

– Бұндай жағдайларда жарақат алу қаупі жоғары. Өкінішке орай, велосипедшілердің барлығы бірдей көлікке кенеттен тап болу қаупін түсіне бермейді. Бұл әсіресе жаяу жүргіншілер жолақтарында аса қауіпті. ҚР Жол жүрісі қозғалысының ережелері бойынша велосипедшілер жолды велосипедтен түсіп жаяу кесіп өтулері тиіс. Тротуарлармен жылдамдық қосып жүрмеу аса маңызды, – деді СҚО Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының міндетін атқарушы Григорий Тыш.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: