Алматыда құрылыс басында жұмысшы мерт болды
иллюстрация үшін алынды
Ол биіктіктен құлап кеткен.
Алматыда құрылыс алаңында жұмысшы мерт болды, деп хабарлайды zakon.kz.
Қайғылы оқиға туралы ақпарат Инстаграмдағы kris.p.almaty.officia парақшасында жарияланды.
Кеше - 16 маусымда кешке Розыбакиев-Ходжанов көшесінде құрылысшы биіктен құлап кетті, делінген жазбада.
Қалалық полиция бұл фактіні растады.
Қылмыстық іс жүргізуді Бостандық аудандық полиция бөлімі аумақтық қамтуы бойынша жүргізеді. Тергеу шаралары мен сараптамалық зерттеулер кешені жүргізілетін болады, оның нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданады, деп толықтырды полициядағылар.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript