"СК-Фармацияның" түк қатысы жоқ. Біртанов ТЖ кезіндегі дәрі тапшылығын сөз етті

pixabay.com, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.06.2021 19:49 pixabay.com
Ол ЖШС-нің өз қоймалары жоқ екенін және мұндай инфрақұрылымға қол жеткізу тек өткен жылы ғана мүмкін болғанын қоса айтты.

Бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Қазақстанда төтенше жағдай кезінде дәріханаларда дәрі-дәрмектің жетіспеушілігіне "СК-Фармация" ЖШС-нің, атап айтқанда осы ЖШС-ның экс-басшысы Берік Шәріптің кінәсі жоқ деп түсіндірді жағдайды, деп хабарлайды zakon.kz тілшісі.

Маңызды нәрсеге тоқталғым келеді. Бұл дәріханалардағы дәрі-дәрмектерге қатысты жағдай. "СК-Фармацияның" мақсаты мен міндеттері ауруханаларға дәрі-дәрмек сатып алу болды. Ауруханадағылардың барлығы, сонымен қатар онкологиялық науқастарға, туберкулезге, психикалық ауруға шалдыққандарға арналған емханаларда берілетін ақысыз дәрі-дәрмектерді. Ал дәріханалардың барлығы, өздеріңіз білесіздер, жеке нарық. Денсаулық сақтау министрлігі оған ешқашан бақылау жасаған емес. Оның әлі де заңды мүмкіндігі жоқ. "СК-Фармация" ешқашан бөлшек сауда үшін дәрілерді тасымалдаған емес. "СК-Фармацияда" дәрі-дәрмектер болып, ал, бірақ дәріханаларда оның болмай қалуы - бұл екі бөлек нәрсе, - деді Елжан Біртанов сот отырысы кезінде.

Ол ЖШС-нің өз қоймалары жоқ екенін және мұндай инфрақұрылымға қол жеткізу тек өткен жылы ғана мүмкін болғанын қоса айтты.

Сондықтан олар жалға алып отырған "СК-Фармация" деп аталатын қоймаларда, бір жағынан, ауруханаларға арналған дәрі-дәрмектер де болуы мүмкін, ал екінші жағынан, дәріханаларға арналған дәрі-дәрмектер де сатып алынып қойған болуы мүмкін. Қоймада не болған-болмағанын тексеру оңай. Бұл бөлшек саудадағы дәріханаларғажәне "СК-Фармацияның" рөліне қатысты маңызды мәселе, қарбалас жағдай туындап, тұрғындар дәрі-дәрмектер жаппай сатып алып жатқанда көтерме саудагерлер мен жеке компаниялар сұранысты қанағаттандыра алмады. "СК-Фармацияның" бұған еш қатысы жоқ, - деп түсіндірді Біртанов.

Ол, жалпы алғанда, Берік Шәріптің "СК-Фармацияға" келіп, жұмысқа кіріскенде алдына қандай талаптар қойылғанын еске түсірді, бірақ ол министр ретінде оның алдына тек бір міндет қойған: процестің ашық және заңды ұйымдастырылуы бойынша.

"СК-Фармацияда" реттеу жұмысын жүргізу Елбасының бұйрығы болатын. Әрине, көп сын айтылды, қылмыстық істер болды, осындай жағдайда орасан зор жұмыс жүргізу керек еді. Ең алдымен, "СК-Фармацияда" сыбайлас жемқорлықтың жоқтығын дәлелдеу қажет болды. Осы жерде, баса айтқым келетіні, осы жылдар ішінде "СК-Фармацияда" пара алу немесе бас тарту туралы бірде-бір сыбайлас жемқорлық ісі болған жоқ. Мемлекет басшысы айтқандай, онсыз да бюджетті "қиып" жатқанда мұндай болмауы тиіс. Берік Шәріп пен оның командасы бұл міндетті орындады, деп сендірді ол сот отырысы барысында.

Сонымен қатар, бұрынғы денсаулық сақтау министрі сатып алуды ұйымдастыруда өте күрделі проблемалар болғанын еске салды.

Белгілі болғандай, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мен прокуратура органдарының тексерістері басталған кезде, олар сатып алуды реттеу процедурасының өзінде күрделі проблемаларды байқаған. Екінші міндет - сатып алу тиімділігін арттыру. Осы мақсатта бірінші рет Берік Шәріп барлық сатып алуларды Қаржы министрлігінің сайтына аудару идеясын жүзеге асырды. Бұған дейін барлығы қағаз түрінде болды. 2018 жылдан бастап барлық сатып алулар электронды форматқа көшті, - деді Біртанов.

Оның айтуынша, Берік Шәріпке қойылған тағы бір міндет - ауруханалардағы дәрі-дәрмектерді, медициналық өнімдерді тіркеу мен олардың қозғалысын цифрландыру.

Бұл әлі де байқалады. Қазірдің өзінде бюджеттен сатып алынған дәрі-дәрмектердің қалдықтары қанша екенін көруге болады. Тағы бір маңызды міндет - отандық өндірушілерді қолдау. "СК-Фармация" ұзақ мерзімді келісімшарттар жасасу мүмкіндігіне ие. Егер біз тендер өткізсек, отандық өндіруші келеді, шетелдік дәрі-дәрмектер шеттетіліп, біздің фабрикалардан сатып алынады. Бұл ұзақ мерзімді келісімшарттар фармацевтикалық өндірістің рөлін едәуір арттырды. Одан біз не ұттық? Бұл бізге қосымша резерв, күш берді. Өткен жылы науқастар саны артқан кезде барлық дәрі-дәрмектер бөлшек саудадан сатып алынған. Отандық зауыттар мұны бізге өндіріп берді. Шетелдік зауыттардың ешқайсысы дәрі-дәрмек жеткізбеді, - деп сөзін қорытындылады Елжан Біртанов.

zkadm
Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: