Жаңалықтар тізбегі
0

Алматыда субұрқаққа қатысты оқыс оқиғаға айыпты бес жылға сотталуы мүмкін

facebook.com, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.06.2021 20:16 facebook.com
Аталған фактіні Бостандық аудандық полиция бөлімі тексеріп жатыр.

Қалалық полиция Алматы субұрқағында болған оқыс оқиғаға қатысты істі қандай бап бойынша тергеп жатқандарын айтты, деп хабарлайды zakon.kz.

Аталған фактіні Бостандық аудандық полиция бөлімі тексеріп жатыр. ҚР Қылмыстық кодексінің 306-бабы, 2-бөлігі бойынша іс қозғалды, - деді Алматы қалалық ПД баспасөз қызметі

306-баптың 2-бөлгі бойынша сотталғандарға 5 мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі көлемде айыппұл салынады немесе сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, яғни 1200 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға жегіледі немесе бес жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе белгілі бір лауазымдарды атқару құқығынан айыра отырып, сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы кесіледі.

20 маусымда әлеуметтік желіде Алматыдағы көшедегі субұрқақта екі қыз бен бір әйелді электр тоғы соғып, өлтіре жаздағаны белгілі болды. Оқыс оқиға Қазақ мемлекеттік циркі ғимаратының жанында болған.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: