Covid-2019: Қазақстан "сары" аймаққа өтті

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.06.2021 15:25 zakon.kz
Соңғы аптада коронавирус инфекциясының 4% өсімі байқалды.

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстандағы санитарлық-эпидемиологиялық жағдайдың соңғы мәліметтерімен бөлісті, деп хабарлайды zakon.kz тілшісі.

Оның айтуынша, Қазақстан "сары" аймақта болып табылады. Нұр-Сұлтан қаласы "қызыл" аймақта әлі де қалып отыр, қалған өңірлер "сары" және "жасыл" аймақта болып саналады.

Соңғы аптада коронавирус инфекциясының 4% өсімі байқалды. Бұл Нұр-Сұлтанда тіркелген аурулар санының 40% өсуімен байланысты, деп мәлімдеді министр үкімет отырысында.

Республикамызда жұқпалы ауруларға арналған төсек-орындардың қамтылу деңгейі 22 маусымда 25%, қарқынды терапия бөліміндегі төсек-орындар - 21%. Сырқаттанушылық деңгейі жоғары болған жеті өңірде инфекциялық және қарқынды терапия төсек-орындарының қамтылу көрсеткіші төмендеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: