24 және 25 маусымда салықтар мен төлемдер мерзімі аяқталады

23 Маусым 2021, 10:37
Сурет: mcfr.kz

24 және 25 маусымда бірқатар салықтар мен төлемдерді төлеу мерзімі аяқталады, деп хабарлайды zakon.kz.

Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 2021 жылы 25 мамырға дейін бюджетке төлемдер жасау қажеттігін еске салады:

  • 2021 жылы мамырда төленген табыстан ЖТС, қызметі ҚР-да тұрақты мекеме құрмайтын резидент еместер ұсынған шетелдік қызметкерлерден (Салық кодексінің 655-бабының 7-тармағына сәйкес кірістер) және заңды тұлға – ҚР салық төлеушісі ретінде тіркелмеген резидент еместер жолдаған шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалардан (Салық кодексінің 656-бабының 1-тармағына сәйкес кірісі);
  • кәсіптік балық аулау объектілері болып табылатын жануарлар түрлерін пайдаланғаны үшін төлемдер, егер төлем мөлшері кәсіптік балық аулау объектілерін алып қою квоталары бойынша АЕК-тен 350 еседен асса.

Сонымен бірге, 2021 жылдың 25 маусымында келесі салықтар мен төлемдерді төлеу мерзімі аяқталады:

  • КТС (2021 жылғы маусымға аванстық төлемдер) және резиденттің және резидент еместің кірісін төлеу көзінен ұсталған КТС;
  • жеке тұлғалардың, резиденттер мен резидент еместердің 2021 жылы мамырда төленген кірістерінің төлем көзінен ұсталған ЖТС;
  • 2021 жылғы мамырға әлеуметтік салық;
  • радиожиілік спектрін пайдаланғаны үшін ағымдағы төлем;
  • қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын, сондай-ақ ұялы байланысты ұсынғаны үшін ағымдағы төлемдер;
    қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу лицензиясын пайдаланғаны үшін төлемдер;
  • 2021 жылдың мамырында жеке тұлғалардың кірісінен ұсталған міндетті зейнетақы жарналары;
  • 2021 жылдың мамырында қызметкерлерге төленген кірістер бойынша есептелген міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары;
  • 2021 жылдың мамырына әлеуметтік аударымдар;
  • 2021 жылғы мамырдағы кірістер бойынша МӘМС-ке аударымдар мен жарналар.

2021 жылға арналған салықтар мен төлемдерді төлеу және салық декларацияларын ұсыну мерзімдері туралы мәліметтермен салық күнтізбесінде таныса аласыз.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?