Қазақстан мен АҚШ бір-біріне шектеусіз ұшу мүмкіндігіне ие болмақ
pixabay.com
Осындай артықшылықты қарастыратын заң жобасы бүгін Мәжілістің қарауына ұсынылды.
ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында депутаттар "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Америка Құрама Штаттарының Үкіметі арасындағы әуе қатынасы туралы келісімді ратификациялау туралы" заң жобасын қарады. Құжатта Қазақстан мен АҚШ-тың бір-біріне шектеусіз ұшуға мүмкіндік беру жайы қарастырылған, деп хабарлайды zakon.kz.
"Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Америка Құрама Штаттарының Үкіметі арасындағы әуе қатынасы туралы келісімді ратификациялау туралы" заң жобасы "ашық аспан" қағидаттарын көздейді, оның шеңберінде тараптар тасымалдаушылар саны, бағыттар мен жиіліктеріне сай ұшуларды шектеусіз жүзеге асыра алады, - деді Мәжіліс депутаты Альберт Рау.
Оның айтуынша, бұл келісім сыртқы көлік қатынасын арттыруға және халықаралық әуе жолдарының географиясын кеңейтуге көмектеседі.
Комитет бұл заң жобасын қарап, жұмыс істеу үшін қабылдауға және ол бойынша қорытынды дайындауға дайын, - деп түйіндеді сөзін ол.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript