"Дельта" штаммы ушықты: Бекшин қара аспанды төндірді

28 Маусым 2021, 17:04
Сурет: Алматы қаласының әкімдігі

Алматының Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Жандарбек Бекшин маусым айында қалада коронавирус жұқтырудың 3 800 жағдайы тіркелгенін айтты, деп хабарлайды zakon.kz.

Алматының бас санитарлық дәрігері тұрғындарды эпидемиологтар мен дәрігерлерге жауапкершілікпен қарауға шақырды. Оның айтуынша, қазір санитарлық қауіпсіздік ережелерін сақтау өте маңызды: бетперде тағу, әлеуметтік қашықтықты сақтау, қолды жиі жуу мен вакцина алу.

Жыл басынан бері Алматыда КВИ-дің 55 101 жағдайы анықталды. Ал маусым айында 3 889 жағдайы тіркелді. Өткен аптада коронавирус дерті 1,7 есе өсті. 742-ден 1237-ге дейін. Соңғы тәулікте КВИ-дің 215 жағдайы тіркелді, - деді Ж. Бекшин.

Оның айтуынша, Алматыдағы эпидемиологиялық жағдай контагиозды мутацияланған "дельта"штаммының таралуына байланысты ушығуда.

Эпидемиологтардың айтуынша, ПТР орташа тәуліктік оң нәтижелері 114-тен 188-ге дейін өсті. Соңғы аптада симптомдары бар КВИ-мен ауыратындардың үлес салмағы 32%-дан 53%-ға дейін артты, бұл COVID-19 "дельта" штаммының тез тарайтынын көрсетті.

Вирус жұқтырғандар санының күрт өсуіне байланысты біз мутацияланған штамдарға зерттеу жүргіздік. Нәтижесінде КВИ науқастарынан алынған 131 үлгінің 77 "альфа", британдық штаммдар, 46 үлгіде "дельта", үнді штаммдары анықталды. Сонымен қатар, екі "гамма", оңтүстік африка штаммдары мен бір нью-йорк, "бетта" штаммы тіркелді. Жалпы эпидемиологиялық жағдайдың күрделенуі "альфа" штаммының таралуынан, ал аурудың артуы Нұр-Сұлтан қаласы мен Ресейден әкелінген "дельта" штаммының салдарынан, - деді Жандарбек Бекшин.

Алматы қаласының бас санитарлық дәрігері қабылданған шектеу шараларын міндетті түрде орындау қажеттігін айтты. Ж. Бекшиннің айтуынша, жалпы дертті жұқтырмаудың жалғыз жолы – вакцина алу мен санитарлық нормаларды сақтау.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?