Нұр-Сұлтанда оқушылар екпе ала ма - әкім жауабы
astana.gov.kz
Әзірге, бізде 18+ талаптары бар, бірақ біз Еуропада және Израильде одан төменгі жастағылар да екпе салдыртып жатқанын көріп отырмыз. Оны уақыт көрсетеді.
Оқу жылы дәстүрлі форматта басталу үшін педагогикалық құрамның толық вакциналаудан өткені қажет, - деді брифингте Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов, деп хабарлайды zakon.kz тілшісі.
Иә, мектепті балалар, ата-аналар да сағынған. Онлайн оқу мұғалімнің баламен бетпе-бет отырып, оқытуы сынды классикалық оффлайн режимінен айырмашылығы зор. Сондықтан, біз бұған дайындалып жатырмыз. Енді ол үшін біз не істеуіміз керек? Әрине, барлық педагогикалық құрам екпе салдыртуы тиіс, - деді Көлгінов.
Оның айтуынша, қазіргі кезде мұғалімдер құрамының 60% -дан астамы вакциналаудан өтті және бұл жұмыс белсенді әлі атқарылып жатыр.
Біз дәрігерлермен кеңесіп жатырмыз, жастарға да екпе салынуы мүмкін. Әзірге, бізде 18+ талаптары бар, бірақ біз Еуропада және Израильде одан төменгі жастағылар да екпе салдыртып жатқанын көріп отырмыз. Оны уақыт көрсетеді, бірақ біз, ең алдымен, мұғалімдерді вакциналаудан өткізіп алуымыз керек. Медициналық қарсы көрсетітілімі барлар екпеден босатылады, - деді әкім.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript