Қазақстандықтар шотына қателесіп түскен әлеуметтік төлемдерді өзіне қалдыра алады
zakon.kz
Сонымен қатар, Кодексте даулардың жекелеген санаттарын қоспағанда, сотқа дейінгі міндетті апелляциялық шағым жасау мүмкіндігі енгізілген.
Қазақстандықтар мемлекет қателесіп, аударған әлеуметтік төлемдерді жаңа Әкімшілік іс жүргізу және процедуралық кодексі бойынша қайтармай-ақ қоюына болады, деп мәлімдеді Әділет вице-министрі Наталья Пан, деп хабарлайды zakon.kz.
Оның айтуынша, кез келген азамат қабылданған шешімнің заңды, дәйекті әрі күшін жоймайтынына сенімді болуы керек және егер ол азаматтың оған еш қатысы әрі кінәсі болмаса.
Азаматқа атаулы әлеуметтік көмек төленді делік. Кейін тексеру кезінде уәкілетті орган кінәсінен қате шешім қабылданғаны анықталады. Сенім құқығын қорғау қағидасын ескере отырып, уәкілетті орган адал азаматтан жұмсалған қаражаттың орнын толтыруды талап ете алмайды, өйткені бұл оның кінәсі емес, - деді Әділет вице-министрі.
Сонымен қатар, Кодексте даулардың жекелеген санаттарын қоспағанда, сотқа дейінгі міндетті апелляциялық шағым түсіру мүмкіндігі енгізілген.
Бұл уақытты үнемдеуге және сот төлемдерін болдырмауға мүмкіндік береді. Сотқа дейінгі апелляциялық шағымның қосымша артықшылығы - бұл шешімді тек заңдылықпен емес, сонымен қатар мақсатқа сай екендігімен тексеру мүмкіндігі, бұл жеке тұлғалардың мүдделері үшін үлкен құқықтық қорғауды қамтамасыз етеді, - деп түсіндірді Наталья Пан.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript