Жаңалықтар тізбегі
0

Түтіндейтін көліктерге салынатын айыппұл бес есе өсті

Алматы қаласының әкімдігі, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.07.2021 17:22 Алматы қаласының әкімдігі
Бұған дейін "лас" көлік жүргізгендерге ескерту жасалатын немесе 2 АЕК айыппұл салынатын.

1 шілдеде "ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне экология мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы күшіне енді, деп хабарлайды zakon.kz.

Бұдан былай машинадан шығатын ластаушы заттар мен шу деңгейі белгіленген шектен асса, ескерту жасалады немесе жеке тұлғаларға 10 АЕК, заңды тұлғаларға 100 АЕК айыппұл салынады. Егер бұл бір жыл ішінде қайталанса, жеке тұлғалар 20 АЕК, заңды тұлғалар 200 АЕК айыппұл төлейді.

Бұған дейін "лас" көлік жүргізгендерге ескерту жасалатын немесе 2 АЕК айыппұл салынатын, ал автокөлікке иелік ететін компаниялар жазаға тартылмады, дейді kolesa.kz.

Заң жобасы дайындалып жатқан кезде айыппұл мөлшерін 2.5 есе өсіру жоспарланған болатын.

"Дөңгелекті көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы" Кедендік одақтың 018/2011 техникалық регламентіне сай бензинмен жүретін машинаны тексергенде газ талдауыштағы көрсеткіш мына нормадан (СО) аспауы керек:

, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.07.2021 17:22

Ал дизельді көліктердің түтіні мына нормадан аспауға тиіс:

, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.07.2021 17:22

, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.07.2021 17:22

"Автомобиль көлігі. Көлік құралдарынан ауаға шығарылған газдармен ластаушы заттар. Анықтаудың нормасы мен әдісі" атты ҚР СТ 1433-2017 стандартына сәйкес, қоршаған орта температурасы 7 °C-тан төмен және 35 °C-тан жоғары болған кезде көліктен шығатын улы газдың құрамы мен түтінін тексеруге тыйым салынады. Сондай-ақ атмосфералық қысым 92 кПа-дан кем болмауы қажет.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: