Жаңалықтар тізбегі
0

Тоқаев олимпиадалық командамызға ақ тілегін айтты

Ақорда, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.07.2021 21:23 Ақорда
Қасым-Жомарт Тоқаев Олимпиада ойындарына қатысатын Қазақстан құрама командасымен кездесті.

Мемлекет басшысы ХХХІІ жазғы Олимпиада ойындары қарсаңында Қазақстанның ұлттық құрама командасының мүшелерімен кездесті, деп хабарлайды zakon.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Қазақстан құрама командасының негізгі бөлігі кездесуге Алматы облысындағы "Ақбұлақ" олимпиадалық орталығынан телекөпір арқылы қатысты. Онда спортшылар Токиоға аттанар алдындағы соңғы жаттығу жиындарын өткізіп жатыр.

Президент Олимпиадаға баратын спортшылардың алдында сөйлеген сөзінде әлемнің басты спорт бәсекесінде ел намысын қорғау мәртебелі міндет, үлкен абырой, зор жауапкершілік екенін айтты.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.07.2021 21:23

Мемлекет басшысы Тәуелсіздік жылдарында Қазақстаннан Олимпиаданың 16 жеңімпазы, 71 жүлдегері шыққанын, жүзден астам ірі спорт кешені, оның ішінде,16 халықаралық деңгейдегі нысандар бой көтергенін атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев аса күрделі кезеңде Токиода жағылатын Олимпиада алауы бүкіл адамзат үшін жаһандық індетпен күрестің символы болатынын айтты. Президент әлемнің түгелге жуық елінде ұзаққа созылған локдаунның қалыпты тыныс-тіршілікке ауыр соққы жасағанына тоқталды.

– Сіздер халықаралық деңгейдегі өздеріңіздің көшбасшылық орындарыңызды нығайту үшін нағыз чемпионға тән мінез көрсетіп, Олимпиада лицензиясын иелендіңіздер. Осындай қиын-қыстау жағдайда сіздер спорттың өзін-өзі шектейтін қатаң режимін сақтап, өзгелерге үлгі көрсеттіңіздер, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.07.2021 21:23

Президент қазақстандықтардың Олимпиада ойындары барысында біздің спортшыларға көрсететін күшті қолдауы оларға қосымша рух беретініне сенім білдірді.

– Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығында Олимпиада тұғырына көтерілу сіздердің ғана жетістіктеріңіз емес, бүкіл ұлтымыздың абыройы. Олимпиада шыңы мыңдаған жасты спортпен шұғылдануға, салауатты өмір салтын ұстануға және көздеген мақсаттарына жетуге шабыттандырады, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.07.2021 21:23

Мемлекет басшысы өз сөзінде бұқаралық және балалар мен жасөспірімдер спортын дамытуға басымдық берілетінін атап өтті.

– Бұқаралық спортты дамыту арқылы біз ұлтымыздың денсаулығын жақсартамыз және бүкіл еліміз мақтан тұтатын Олимпиада жеңімпаздарының – спорт жұлдыздарының жаңа буынын тәрбиелеп шығарамыз. Мұндай саясат спорт секциялары мен аулалық клубтардың дамуына тың серпін береді. Сондай-ақ балалар жаттықтырушыларын ынталандыруға ықпал етіп, дарынды атлеттердің жаңа шоғырын айқындауға септігін тигізеді, – деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев спортшыларымыздың Токиода рекордтық нәтижелер көрсететініне, еліміздің әлемдегі жетекші спорт державаларының арасындағы беделін нығайтатынына сенім білдірді. Президенттің айтуынша, атлеттердің әрбір жеңісінің артында, көбінесе назардан, камералардан тыс қалатын, олардың жаттықтырушыларының қажырлы еңбегі тұр.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.07.2021 21:23

Рәсім барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын алғаш рет екі бірдей ту ұстаушыға – жеңіл атлетикадан Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакова мен бокстан әлем чемпионатының күміс жүлдегері Қамшыбек Қоңқабаевқа табыстады.

Ольга Рыпакова Мемлекет басшысына жылы қабылдап, ізгі тілек білдіргені үшін ұлттық құраманың атынан алғыс айтты.

– Сіздің ақ тілегіңіз – бізге ерекше күш-жігер береді. Халқымыздың риясыз махаббатын сезінеміз және өзімізге жүктелген жауапкершілікті түсінеміз. Сондықтан Отанымыздың абыройын арттыру үшін бар күшімізді салып, шеберлігімізді паш етеміз, – деді Ольга Рыпакова.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.07.2021 21:23

Қамшыбек Қоңқабаев Президентке отандастарымыздың сенімін ақтау үшін құрама команда барын салатынын жеткізді.

– Сіздің қолыңыздан еліміздің Туын алу – үлкен абырой, зор жауапкершілік. Олимпиадаға қатысушы спортшылар қастерлі санайтын осы Тудың Токио төрінде жиі көтеріліп, Әнұранымыздың шырқалуы үшін барымызды саламыз, – деді бокстан Қазақстан құрама командасының капитаны.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: