Жаңалықтар тізбегі
0

Шілдеде бірнеше облыста қатты құрғақшылық күтілуде

mnews.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.07.2021 15:56 mnews.kz
2021 жылғы шілдедегі құрғақшылық болжамы.

Қазгидромет мамандары әзірлеген статистикалық болжамға сәйкес, шілде айында Ақтөбе облысының (Нұра, Ырғыз), Қостанай (Қарамеңді, Амангелді), Атырау (Құлсары) және Маңғыстау облысының (Аққұдық) жекелеген пункттерінде экстремалды қуаңшылық жағдайлар күтіледі, деп хабарлайды zakon.kz.

Қатты қуаң – Ақмола (Есіл, Жақсы, Атбасар), Ақтөбе (Новороссийское, Қарабұтақ, Басқұдық, Нұра, Ырғыз), Қостанай (Пресногорьковка, Аршалы, Тобыл, Аралкөл, Торғай), Солтүстік Қазақстан (Тайынша) және Маңғыстау облысында (Сам).

Орташа қуаң – Ақмола облысында (Балкашино), Ақтөбе (Комсомольское, Темір), Қостанай (Михайловка, Қарасу, Жітіқара, Құсмұрын, Диевская, Железнодорожный), Солтүстік Қазақстан (Явленка, Сергеевка және Рузаевка), Шығыс Қазақстан (Лениногорск), Жамбыл (Қордай), Алматы (4-ші Ауыл), Қызылорда (Қазалы) және Атырау облысында (Атырау).

Маусым айының соңғы онкүндігінде өткен мол жауын-шашынның арқасында, орташа ылғалды жағдайлар Батыс Қазақстан облысында (Жалпақтал, Жәнібек, Орда), Шығыс Қазақстан облысында (Бақты) және Маңғыстау облысында (Бейнеу) болжанады. Қалған аумақтарда ылғалдану шарттары қалыпты жағдайға жақын болады деп күтілуде.

Айта кету керек, шілде айында еліміздің солтүстік-шығыс жартысында жауын-шашын мөлшері нормаға жуық болады деп күтілуде.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: