Қапшағайда "блатной" полиция қызметкері видеоға түсіп қалды

7 Шілде 2021, 10:38
Сурет: instagram.com/kris_p_brothers

Әлеуметтік желіде полиция қызметкерінің өзін видеоға түсірген адаммен дөрекі сөйлесіп, оның қолындағы телефонды жұлып алуға тырысқан видеосы пайда болды, деп хабарлайды zakon.kz.

Видеоның авторы тәртіпті талап ететін тәртіп сақшысының өз көлігін қараңғылап алғанын байқап, оны видеоға түсіре бастаған. Осы кезде бұл көліктен түскен полиция қызметкері онымен дөрекі сөйлесіп, түсірілімді дереу тоқтатуды дөрекі түрде талап еткен. Өзінің қалжыңдап тұрмағанын білдіру үшін оның қолындағы телефонды да қағып жібереді.

Видео әлеуметтік желіде қызу талқыға түсті. Алматы облысының ПД баспасөз қызметі бұл жайтқа қатысты пікір білдірді.

Алматы облысының полиция департаменті әлеуметтік желілерді бақылау кезінде анықталған видео негізінде Қапшағай қалалық полиция бөлімінің патрульдік полициясының взвод қызметі инспекторына қатысты ҚР Әкімшілік кодексінің 590-бабы 5-бөлігі, яғни әкімшілік құқық бұзушылық бойынша хаттама толтырылғанын хабарлайды. Сонымен қатар, қазіргі уақытта полиция қызметкеріне азаматтарға қатысты дөрекі қылық таныту фактісі бойынша қызметтік тергеу тағайындалды. Қарамағындағыларды дұрыс қадағаламағаны үшін басшылықтың жауапкершілігі әдеп тәртібімен шешілетін болады, - дейді Алматы облысы ПД баспасөз қызметі.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?