Демалыс күндерінен соң доллар қымбаттап шыға келді

7 Шілде 2021, 11:52
Сурет: zakon.kz

Қазақстан қор биржасында (KASE) сағат 11: 00-де доллардың орташа белгіленген бағамы бірден 2,60 теңгеге көтеріліп, 427,76 теңгені құрады, деп хабарлайды zakon.kz.

Ақша айырбастау пункттерінде доллар 428-429,6 теңгеден, еуро - 505-508,5 теңгеден, Ресей рублі 5,75-5,84 теңгеден сатып алып/ сатылып жатыр.

Сонымен қатар, 7 шілдедегі сауда кезінде мұнайдың әлемдік бағасы көтерілді.

WTI маркалы мұнайдың шілде айындағы фьючерстері 0,12% өсіп, бір баррелі 73,46 долларды құрады.

Brent маркалы мұнайдың тамыз айындағы фьючерстері 0,03% өсіп, бір баррелі 74,55 долларға жетті.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?