"Қыздарға қырындағыш" Күздеубаев тағы да судья боп тағайындалды

видеодан кадр видеодан кадр
Суға салса батпайды.

Марат Күздеубаев жаңа қызметке тағайындалды. Бұл кім десеңіз, айтайық. Марат Күздеубаев осы жылдың орта тұсына дейін Қызылорда облысының Шиелі аудандық сотында төраға болған, дейді "Еуразия" бірінші арнасы.

Бірақ, 2020 жылдан бері оның басы даудан арылмаған еді.

Біресе, ел жаппай карантин талаптарын ұстанғанда, Фемида өкілінің көпшілік ортасында тұсау кескен видеосы жарияланды.

Кейін төрағаның қоластында қызмет еткен судья Гүлнәр Құрманбай деген азаматша оның өзіне қырындағанын мәлімдесе, хатшы Еңлік Қыдыралиева төрағаның сот шешімдерін заңсыз өзгерткенін айтқан болатын.
Қызылордадағы былықты елордадағы Жоғарғы сот кеңесі жанындағы сот жюриі байқап, Марат Күздеубаевты ақыры қызметінен босатқан болатын. Бірақ, судъя болуға қарсылық білдірмеді.

Міне, осындай шытырмиан оқиғалардан кейін аз ғана үзіліс алған Марат Күздеубаев Түркістан облысының Жетісай аудандық сотына судья болып тағайындалыпты.

Ал оның былығын ашқан Гүлнәр Құрманбай мен Еңлік Қыдыралиеваның үстінен қылмыстың іс қозғалған көрінеді. Оларға "лауазымын асыра пайдаланды" деген айып тағылған.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз