Үтікпен күйдіріп, құлағын кескен. Талдықорғанда қызғаншақ ер адам істі болды

9 Шілде 2021, 10:29
Сурет: instagram.com/taldykorganec.insta

Талдықорғанда азаматтық некедегі әйелін күйеуі қорлаған. Екі күн бойы ер адам әйелді тепкінің астына алып, ол аз болғандай, денесін үтікпен күйдіріп, құлағын кесіп алған, деп хабарлайды zakon.kz.

Осындай айуани әрекетке қызғаныш себеп болды, деп хабарлайды taldykorganec.insta.

Есігін бектітіп, телефонын тартып алып 29 жастағы әйелге ойына келгенін жасаған ер адамның жаға ұстатар қылығын жәбірленушінің құрбысы әлеуметтік желіде жайып салған.

Менің бұл жазғанымды құрбымның өзі білмейді. Бірақ басқалардың білгенін қалаймын. Бүкіл денесінде, тіпті омырауында да, қарнында да жарақат орны бар. Бұл 4-ші ықшам ауданда болған. Талдықорғанда.

Алматы облыстық ПД бұл фактіні өз қолдарына алғандарын хабарлады.

Биылғы жылдың 7 шілдесінде Талдықорған қалалық полиция бөліміне 29 жастағы қала тұрғынының дене жарақаттары және күйікпен көпсалалы ауруханаға түскені туралы ақпарат келді. Тексере келгенде, әйелді азаматтық некедегі күйеуі қызғаныштан ұрғаны анықталды, - дейді Алматы облысы ПД баспасөз қызметі.

Факт сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. 33 жастағы күдіктіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 107-бабы, 1-бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сараптама тағайындалды, оның қорытындысы бойынша соңғы процессуалдық шешім қабылданады.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?