Жаңалықтар тізбегі
0

Ұлытаудағы өрттен 39 қожалық жайылымсыз қалды

kt.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.07.2021 22:17 kt.kz
Бір шаруа 318 бас малынан айырылған.

Қарағанды облысының Ұлытау ауданында болған өрттің шығыны есептелді. Бұның алдында бір адам қаза тапқаны хабарланған.

Дала өртінің салдарынан шаруалар бес мың гектар жер күйікке айналды, жүздеген мал өлді.

Ресми мәлімет бойынша, 39 қожалық жайылымнан айрылған. Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Серік Шайдаров жергілікті шаруалармен кездесіп, оларды қолдауға уәде берді. Шаруалар мемлекет меншігіндегі жерді бір жылға тегін алуы мүмкін. Бір шаруа 318 бас малынан айырылған. Билік өкілдері оған нарықтағы бағаға сай өтемақы төленетінін айтты.

Ұлытау ауданындағы өрт сөндірілгені хабарланды.

Еске салайық, билік аудандағы үш ауылдық округте өртке байланысты төтенше жағдай жариялады. Өрт сөндіруге жүздеген адам тартылды. Оған жергілікті тұрғындар да көмектесті.

4 шілдеде жергілікті тұрғындар өртенген автокөлік ішінен 23 жастағы ауыл тұрғынының күйген денесін тапқан. Ол Қоскөл аулынан шамамен қырық шақырым жерде өрт құрсауында қалған болуы керек.

Билік өкілдері марқұмның өрт сөндірушілер қатарында болмағанын айтқан, алайда әлеуметтік желі қолданушылары жас жігіт қыстақтағы өртті сөндіруге көмектесуге өз еркімен барған деп жазды.

Қарағанды облысында өрттің жайылуына жол берген шенеуніктерді жазалау туралы талаптар айтылды. Дегенмен әкімдіктегілер билік табиғат апаты туралы ақпаратты жасырды дегенді жоққа шығарып, қоғам сынын "тұрғындар пікірі" деп сипаттаған.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: