Қаскелеңде екі көлік бетпе-бет соқтығысып, екі адам опат болды

12 Шілде 2021, 17:57
Сурет: instagram

Жол апатынан қайтыс болған келіншектің туыстары оқиға куәгерлерін іздеуде, деп хабарлайды zakon.kz.

Олардың айтуынша, көз жұмған келіншектің аяғы ауыр болған.

06.07. 2021 жылы түнгі сағат бір шамасында Қаскелең тас жолының жоғарғы жағында, Хамма PARK мейрамханасына қарама-қарсысында жол апаты болды. LAND KRUZER 100 көлігінің жүргізушісі жолдың қарсы бетіне шығып, TOYOTA AVENSIS көлігімен бетпе-бет соқтығысқан! AVENSIS "Е -нің" 1997 жылғы жүргізушісі (23 жаста) және 1994 жылғы жолаушысы (27 жаста) сол жерде қайтыс болды. А. жолаушының аяғы ауыр болған, жұктілік мерзімі - 3 айлық! - делінген әлеуметтік желіде жарияланған хабарламада.

Сондай-ақ, хабарламада қылмыстық іс қозғалғаны, ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы, 4-тармағы бойынша жол апатына кінәлі Қаскелең қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалғаны, алайда, 2 күннен кейін қандай да бір жолмен оның босып шыққаны айтылады.

Өздеріңізден кінәлі адамды түрмеге қамауға көмектесулеріңізді сұраймыз, оның өзі түгілі ата-анасы, тіпті туыстары да алдымызға келіп, кешірім сұрамады! - делінеді жазбада.

Алматы облыстық ПД апаттқа кінәлі тергеліп жатқанын, оның босатылмағанын хабарлады.

Аталған жол-көлік оқиғасы ағымдағы жылдың 6 шілдесінде сағат 00:10 шамасында Алматы-Жандосов-Бесмойнақ тас жолында орын алды. Тас жолдың бойымен шығыс бағытқа бет алған Toyota-Land Cruiser автокөлігінің 18 жастағы жүргізушісі, 25 шақырымдық жолда рөлге ие бола алмай, жолдың қарсы бетіне шығып кетіп, Алматы қаласының 23 жастағы тумасы басқарған Toyota-Avensis автокөлігімен соқтығысқан. Жазатайым оқиға салдарынан Toyota Avensis автокөлігінің жүргізушісі мен оның 26 ​​жастағы жолаушысы сол жерде қайтыс болды, делінген хабарламада.

Сондай-ақ, Toyota Land Cruiser автокөлігінің 18 жастағы жүргізушісіне қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы, 4-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалғаны айтылады.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?