Алматыдағы жаппай жол апаты: Дәрігерлер жүк көлігі жүргізушісінің хәл-жағдайы туралы айтты
Сурет: Zakon.kz
Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасында Zakon.kz сайтына бүгінгі жаппай жол апаты кезінде ауруханаға шұғыл жеткізілген жүк көлігі жүргізушісінің хәл-жағдайы туралы мәлімет ұсынды.
Белгілі болғандай, медициналық тексеруден кейін ол үйіне босатылған.
"Науқас N7 қалалық клиникалық ауруханасына жеткізілді. Барлық қажетті тексеруден кейін тұрғылықты жері бойынша амбулаториялық емделуге жіберілді". Алматы қаласының Денсаулық сақтау басқармасы
Айта кетсек, бүгін оңтүстік астананың Алатау ауданында, жер үсті жаяу жүргіншілер көпірі маңында жүк көлігінің жүргізушісі жаппай жол апатына түрткі болды. Салдарынан 10 көлік бүлінді. Куәгерлердің айтуынша, жүк көлігі жүргізушісінің талмасы ұстаған секілді. Алматы қалалық полиция департаменті жүк көлігі жүргізушісінің денсаулығының күрт нашарлағаны туралы ақпаратты растады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript