Алматыда жаппай жол апаты болып, 10 көлік бүлінді
Сурет: Zakon.kz
Алматыда 20 қыркүйекте жаппай жол апаты болды. Салдарынан 10 көлік зардап шекті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жол-көлік оқиғасы жер үсті жаяу жүргіншілер көпірі маңында, Рысқұлов даңғылы бойында Тілендиев көшесінің қиылысында болды. Жүк көлігі бар жылдамдығымен алдындағы көлікті соғып, осылайша бір тізбекте келе жатқан ондаған көлік бірінің артына бірі соғылды.
Куәгерлерінің айтуынша, жүк көлігі жүргізушісінің талмасы ұстаған секілді. Алматы қалалық полиция департаменті жүк көлігі жүргізушісінің денсаулығы күрт нашарлауы туралы ақпаратты растады.
Сурет: Zakon.kz
"Жергілікті полиция қызметінің кезекші бөлімі ұсынған мәліметке сәйкес, Рысқұлов даңғылы бойында, Тілендиев көшесінің қиылысында 10 автокөліктің қатысуымен жол апаты болды. Алдын ала дерек бойынша жүк көлігінің жүргізушісінің денсаулығы нашарлап, бірнеше көлікпен соқтығысуға жол берген". Алматы қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі
Зардап шеккендердің саны және апаттың мән-жайы анықталуда.
Апаттан зардап шеккен HOWO жүк көлігі мен Kia CERATO жүргізушілері жақын маңдағы ауруханаға жатқызылды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript