Алматыда Медеуге барар жолда жаппай жол апаты болды

Chevrolet Niva көлігі Керей-Жәнібек Хандар көшесімен солтүстік бағыттан түсіп келе жатқан. Айналма бұрылыста жүргізуші рөлге ие бола алмай қалады, мүмкін қолайсыз ауа райына байланысты, өйткені жауған қар жолдарда қойыртпаққа айналған. Ол жолдың қарама-қарсы қозғалыс жолағына шығып, Hyundai Sonata-мен бетпе-бет соқтығысқан.
Соққыдан Chevrolet Niva-ның алдыңғы дөңгелегі жұлынып кетеді, бірақ оған да тоқтай алмаған күйі ол көшемен төмен қарай құлдылай жөнеледі. Осы уақытта Hyundai Sonata бар инерциясымен артындағы Kia K5-ті киіп кетеді. Осыдан кейін екі көлік те жолдың қарама-қарсы қозғалыс бөлігіне шығып қалады.
Апат салдарынан Shevrolet Niva-ның жүргізушісі мен оның жолаушысы зардап шекті.
"Куәгерлердің айтуынша, Сhevrolet Niva жүргізушісінен алкогольдің иісі шығып, сыртқы келбетінен де мас болу белгілері байқалған. Оған жедел жәрдем көлігі шақырылды. Оны және қасындағы жолаушысы 12-ші ауруханаға жатқызылды", - деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
Қазір оқиға орнында жол полициясының қызметкерлері жұмыс істеп жаты, олар ЖКО-ның барлық мән-жайларын анықтайтын болады.