Семейде бес автокөліктің қатысуымен жаппай жол апаты болды

Жол апаты, Семей, 20 қазан, Қаржаубайұлы көшесі, бес автокөлік, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.10.2025 20:56 Сурет: видеодан алынды
Семей қаласында бес автокөліктің қатысуымен жаппай жол апаты болды. Қос көліктің жүргізушілері зардап шекті, деп хабарлайды Zakon.kz.

2025 жылы 20 қазанда сағат шамамен 16:29-да Қаржаубайұлы көшесі бойында 60 жастағы жүргізуші тізгіндеген Hyundai Tucson жол қозғалысының қауіпсіздігіне көз жеткізбей және жылдамдық режимін сақтамағандықтан, алдында тұрған Nissan Skyline-мен (жүргізушісі – 41 жастағы әйел) соқтығысқан. Салдарынан Toyota Camry, Hyundai Tucson, Volkswagen Golf және Kia Bongo маркалы көліктердің қатысуымен жаппай жол апаты орын алды.

"Hyundai Tucson мен Nissan Skyline автокөліктерінің жүргізушілері медициналық мекемеге тексерілу үшін жеткізілді. Басқа жүргізушілер зардап шеккен жоқ, көліктеріне материалдық залал келтірілді. Аталған факті бойынша полиция қызметкерлері тексеру жүргізіп, жол-көлік оқиғасының мән-жайын және алған жарақаттардың ауырлық дәрежесін анықтауда". Абай облысы ПД баспасөз қызметі

Бұған дейін Қостанай облысының тұрғынынан полицейлер гашиш тәркілегені хабарланған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: