Жаңалықтар тізбегі
0

Лаңкестікпен күрес жөніндегі штаб алматылықтарға ескерту жасады

aqmolanews, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.07.2021 15:40 aqmolanews
Қала тұрғындарынан тексерілмеген ақпаратты немесе фото және видеоны жариялаудан аулақ болуы сұралады.

Алматыда 2021 жылы 16 шілдеде Бостандық ауданында сағат 06: 00-ден 13: 00-ге дейін санитарлық-эпидемиологиялық нормаларға сәйкес жоспарланған лаңкестікке қарсы жаттығулар өткізіледі, деп хабарлайды zakon.kz.

Жаттығулар "Орбита-3" ықшам ауданы, 5-ші үй, №145 орта мектеп.мекен-жайы бойынша өтеді. Жаттығудың мақсаты - адамдар көп шоғырланған жерлерде террористік қауіп-қатер туындаған кезде өзара әрекеттесу дағдыларын машықтандыру.

Жаттығу міндеттері террористік катынасқа осал нысандардағы терроризм актісінің жолын кесу механизмін жетілдіруге бағытталған.

Сонымен бірге, жаттығу кезінде шектеу шаралары қарастырылатынын хабарлаймыз. Осыған байланысты біз азаматтарды қолданылып жатқан шараларға түсіністікпен қарап, қауіпсіздік шараларын сақтауға және жаттығуға қатысқан мемлекеттік қызметкерлердің заңды талаптарын орындауға шақырамыз, - делінген лаңкестікпен күрес жөніндегі мекеме мәлімдемесінде.

Қала тұрғындарынан тексерілмеген ақпаратты немесе фото және видеоны жариялаудан аулақ болуы сұралады.

Бұқаралық ақпарат құралдарын немесе телекоммуникация желілерін пайдаланып, қасақана жалған ақпарат тарату Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 274-бабына сәйкес заңмен жазаланатынын еске саламыз, делінген хабарламада.

Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 443-бабына сәйкес, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын адамның заңды талабына бағынбау әкімшілік жауапкершілікке әкеліп соқтыратыны атап өтіледі.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: