Президент вакциналау процесінің маңыздылығына тоқталды
Ақорда
Президенттің айтуынша, бүгінгі күні 2,8 миллионға жуық адам екпе курсын аяқтады.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев вакциналау процесінің маңыздылығына тоқталды, деп хабарлайды zakon.kz.
Біздің ең өзекті мақсатымыз – вирустың таралуын тоқтату емес. Әлемдік тәжірибе мұның мүмкін емес екенін көрсетіп отыр. Ең бастысы – аса ауыр науқастардың көбеюін болдырмау, адам өмірін сақтау. Сондықтан, оның бір ғана жолы бар. Бұл – жаппай вакцинация, екпе салу, - деді Мемлекет басшысы.
Президенттің айтуынша, бүгінгі күні 2,8 миллионға жуық адам екпе курсын аяқтады.
Алайда, жақсы динамикаға қарамастан, аймақтар арасындағы жағдай біркелкі емес, - деді Мемлекет басшысы коронавирус инфекциясы бойынша эпидемиологиялық ахуалға арналған кеңесте.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript