Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстанда Linkedin интернет-ресурсы бұғатталды

knews.kg, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.07.2021 20:59 knews.kg
Аталған интернет-ресурс заң бұзушылықтарын жойған жағдайда, оған қолжетімділік қалпына келтіріледі, - делінген хабарламада.

Қазақстанда Linkedin интернет-ресурсы бұғатталды, деп хабарлайды zakon.kz.

Мониторинг барысында онлайн-казиноларды жарнамалау және олардың қожайыны болып табылмайтын нақты адамдардың атынан жалған аккаунттар жасауға қатысты бірқатар заңбұзушылықтар анықталды.

ҚР Ақпараттық және әлеуметтік даму министрлігінде атап өткендей, мұндай материалдарды орналастыру Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына ғана емес, сонымен бірге Linkedin интернет-ресурсының ішкі ережелеріне де қайшы келеді.

Linkedin-нің пайдаланушы келісімінде "оны пайдаланушылар орналастырған ақпарат нақты және заңды болуы керек және үшінші тұлғалардың құқықтарын бұзбауы керек" делінген. Сонымен қатар, Linkedin интернет-ресурсының жарнамаларын орналастыру ережелерінде қолданушыларды адастыруға немесе оларға жалған ақпарат беруге тыйым салу, сондай-ақ ойын бизнесі жарнамасына тыйым салынады, делінген құзырлы ведомства хабарламасында.

Министрліктің "Байланыс туралы" Заңының 41-1-бабы 3-1-тармағының талаптарына сәйкес, анықталған бұзушылық фактілері туралы LinkedIn интернет-ресурсының әкімшілігі ескертіліп, тиісті материалдарды жою бойынша шаралар қабылдау жөнінде өтініш-хабарлама жолданды.

Linkedin интернет-ресурсының әкімшілігі тарапынан бұзушылықтарды жою бойынша шаралар қабылданған жоқ. Министрлік "Байланыс туралы" Заңның 41-1-бабында белгіленген тәртіппен көрсетілген интернет-ресурсқа қол жеткізуді шектеу бойынша шаралар қабылдады. Аталған интернет-ресурс заң бұзушылықтарын жойған жағдайда, оған қолжетімділік қалпына келтіріледі, - делінген хабарламада.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: