Маман бүйрекке зиянды тамақтарды атады
Дәрігер әрі тележүргізуші Александр Мясников бүйрекке тас байлайтын өнімдерді атады, деп хабарлайды zakon.kz.
РИА Новости агенттігінің хабарлауынша, дәрігердің пікірінше, жануардың майы көп тағамдарды шамадан тыс қолдануға болмайды. Мясников ет өнімдерін мысалға келтірді. Сондай -ақ, ол атап өткендей, ас тұзы мен қант қосылған тағамды шамадан тыс қолдануға болмайды.
Дәрігердің айтуынша, жоғарыда аталған тағам түрлері кальций тастарының пайда болуына ықпал етеді.
Грейпфрутты, егер сіз грейпфрут шырынын көп ішсеңіз, ондағы үлкен мөлшердегі С сынды дәрумен тас түзілу үрдісін арттырады, - деді ол "Россия 1" телеарнасының эфирінде.
Маман шпинат, шөптер мен жаңғақтарды да осы тізімге қосады: бұл тағамдарда оксалат бар болғандықтан, оларды шамалап тұтыну керек.
Бүйрек тастарының пайда болуына ықпал ететін жайттың бірі ретінде дәрігер кальций таблеткаларын да атады.