Өз құпиясын ашып, Тик-токқа түскен қазақ қызы жұртты таң қалдырды
видеодан алынды
Оқу оқып жүргенде Самалдың аяғы протез екенін ешкім білмепті. Өйткені сұлу бойжеткен үнемі шалбар киіп жүрген.
Аяғы жоқ алматылық қыз Самал Смаханның аккаунтына жазылушылар саны күрт артты. Оның желіге салған алғашқы видеосы қазірдің өзінде 1,1 миллион қаралым жинады, деп хабарлайды zakon.kz.
Оқу оқып жүргенде Самалдың аяғы протез екенін ешкім білмепті. Өйткені сұлу бойжеткен үнемі шалбар киіп жүрген. Қазір бірге оқыған қыздар мен жігіттердің өзі бұл видеодан кейін Самалға таң қалып, хат жазып жатыр екен.
"Мен қысқа киім киіп көрдім, Алматының ең әдемі жерін таңдап алдым, содан TikTok -қа алғашқы видеомды түсіріп, жарияладым. Келесі күні таңертең барлық жұрт менің аяғымның протез екенін білді. Менің артымнан жүгіріп жүрген бір жігіт бұдан кейін жоқ болды. Дегенмен, негізінен, айналымдағылар оң пікір білдіруде. Көбісі таң қалды, ешқайсысы достықты үзбеді. Неліктен адамдар мүгедек болса, ол тек мүгедектің жанында болуы керек деп ойлайды, яғни оған сау адам қарамайды деген секілді. Бірақ маған сау, әдемі және ақылды жігіттер хат жазады. Біздің шектеулеріміз тек біздің санамызда, - деп жазады Самал желідегі парақшасында.
Самал Смахан аяғынан бала кезінде, әлі онға да толмағанда айырылыпты. Қыздың өзі ол туралы есіне алғысы келмейді. Бойжеткен Талдықорған қаласының тумасы, университетте оқып, журналистика мамандығын тәмамдаған. Қазір 23 жаста.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript