ДДСҰ пандемияның аяқталатын кезеңін атады
rg.ru
Бұл мақсатқа жету үшін төмен және орташа табысы бар елдердің тағы 250 миллион тұрғыны төрт айда вакциналануы тиіс.
ДДСҰ 2022 жылдың ортасына дейін әлем халқының 60% -ын вакцина алып үлгеруге үндеді, деп хабарлайды zakon.kz Известияға сілтеме жасап.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының арнайы өкілдерінің айтуынша, осындайда ғана пандемияның аяқталуы туралы айтуға болады.
Стратегиялық құжатта ДДСҰ -ның 2021 жылдың қыркүйегіне қарай әлем халқының кемінде 10%-ы, желтоқсанға дейін 40%-ы, ал 2022 жылдың ортасына қарай 60%-ы вакциналанады үндеуі мен болжамдары ескерілуі тиіс. Бұл мақсатқа жету үшін төмен және орташа табысы бар елдердің тағы 250 миллион тұрғыны төрт айда вакциналануы тиіс,- делінген дәрігерлердің арнайы газетке жазған мақаласында.
Авторлар медициналық қызметкерлер мен жоғары қауіпті топтағы адамдарға басымдық береді. Бүгінгі күні COVAX тарату механизмінен тек 90 миллион вакцина дозасы өткен, дегенмен бүкіл әлем бойынша 3 миллиардқа жуық доза таратылған.
Вакциналау процесін қаржыландыру 50 миллиард долларға өсті, бірақ бұл экономикалық шығындардың жанында түк те емес.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript