Жаңаөзендік "Өрмекші адам" желі қолданушыларын таң қалдырды

pixabay.com, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.08.2021 20:21 pixabay.com
Ол бала кезінен "Өрмекші адам" деген лақап атқа ие.

Жаңаөзендік "Өрмекші адам" желі қолданушыларын таң қалдырды, деп хабарлайды zakon.kz.

Lada.kz хабарлағандай, бұл жолы Амандық Молдағұлов ешқандай сақтандыру құралынсыз кеңсе ғимаратының үшінші қабатына көтерілген. Ол әріптесіне көмектесу үшін осындай әрекетке барған.

Кеңседе кілтін ұмытып кетіп, жұмыс орнына кіре алмай тұрған әріптесіне Амандық көмекке келді.

Амандық қабырғаға өрмелеу хоббиі екенін айта отырып, сондықтан үшінші қабатқа көтерілу еш қиын болмағанын жеткізді.

Ол бала кезінен "Өрмекші адам" деген лақап атқа ие.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: