Сапарбаев Президенттен сөгіс алды

facebook.com / Берік Уәли, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.08.2021 16:11 facebook.com / Берік Уәли
Қызметінен босатылған Досаевты әкімдіктің басқарма басшысы етіп тағайындағаны үшін.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевқа сөгіс жариялап, бір тәулік ішінде кадрлық қателігін түзетуге тапсырма берді, деп хабарлайды zakon.kz.

Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли жазды:

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевқа 2019 жылы жұмысында едәуір олқылықтарға жол беріп, қызметінен босатылған Қ.Досаевты әкімдіктің басқарма басшысы етіп тағайындағаны үшін сөгіс жариялады. Әкімге бір тәулік ішінде кадрлық қателігін түзетуге тапсырма берілді, делінген жазбада.

Еске сала кетсек, Тараз қаласының бұрынғы әкімі Қайрат Досаев мектептің даладағы дәретханасында 12 жастағы оқушыны зорлау ісіне байланысты Мемлекет басшысының тапсырмасымен жұмыстан босатылған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: