Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстандағы сол 19 млн адам өте нашар өмір сүреді – Тайжан

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.08.2021 15:18 zakon.kz
Бізде тек олигархтар ғана жақсы өмір сүреді, анда-санда Олимпиадаға барып қыдырып қайтады.

19 млн ел болдық, ал жақсы. Енді сол не бары 19-ақ млн халықты 30 жыл бойы бай қыла алмай жүргеніміз несі, дейді желіде Мұхтар Тайжан.

Былай қарасаңыздар, бір үлкен қаланың саны ғой 19 млн деген – Пекин, Каир, Мехико секілді. Ал байлығымыз қанша? Уран, мұнай, газ, жайылымдар қайда кетті? Санаулы адамның қолында ғой!
30 жылда Біріккен Араб Эмираттар, Сингапур, Малайзия, Оңтүстік Корея т.б. адам болды, байып кетті. Олар кезінде әлемнің ең кедей елдері болған ғой! Ал біз ше? Қаншама өндірісті жоғалтып алдық? Қашан адам боламыз осы? Әлде біздің де буынымыз коммунизмді күту керек пе? Бізде тек олигархтар ғана жақсы өмір сүреді, анда-санда Олимпиадаға барып қыдырып қайтады... Ал негізі сол 19 млн адам өте нашар өмір сүреді. Кедейшілік басым! Соны өзгертуіміз қажет, дейді Мұхтар Тайжан.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: