Қазақстандық спортшы мерзімінен бұрын жартылай финалға шықты

ҚР ҰОК, Владислав Семенов, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.08.2021 18:14 ҚР ҰОК, Владислав Семенов
Топтағы соңғы кездесуде Дархан мысырлық Әли әл-Савимен кездеседі.

Дархан Асадилов Олимпиада ойындарының жартылай финалына мерзімінен бұрын өтті, деп хабарлайды zakon.kz.

Olympic.kz атап өткендей, каратэші жапондық Наото Сагоны 3:0 есебімен таза ұтты.

Бастапқы кездесуде қазақстандық түрік каратэшісі Эрай Самданнан басым түсті. Кейін ол әзірбайжандық екінші қарсыласы Фирдовси Фарзалиевті 6:2 есебімен ұтты.

Топтағы соңғы кездесуде Дархан мысырлық Әли әл-Савимен кездеседі.

Жартылай финалдық кездесулер бүгін кешкі уақытқа жоспарланған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Пікірлер (0)
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: