Токио-2020: Нұрислам Санаев еркін күрестен қола медаль алды

olympic.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.08.2021 22:43 olympic.kz
Ол кіші финалда болгариялық Георгий Вангеловті 5:1 есебімен ұтты.

Токио Олимпиадасында еркін күрестен 57 келіге дейінгі салмақтағы қола медаль үшін кездесулер басталды, деп хабарлайды zakon.kz.

Қазақстандық Нұрислам Санаев қола жүлдегер атанды деп жазады, Olympic.kz.

Ол кіші финалда болгариялық Георгий Вангеловті 5:1 есебімен ұтты.

Қазақстандық балуан жартылай финалда Үндістан балуаны Рави Кумарға есе жіберген еді. Қола медаль үшін күресте Санаев намысты қолдан бермеді.

Бұл қазақстандық балуандардың Токиодағы алғашқы медалі екенін естеріңізге саламыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Пікірлер (0)
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: