Жаңалықтар тізбегі
0

Лионель Месси "Барселонадан" кетті

championat.com, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.08.2021 15:03 championat.com
Месси командада жылына 90 миллионнан астам евро алып келді.

Әлемнің ең үздік шабуылшыларының бірі, аргентиналық Лионель Месси "Барселона" футбол клубынан кетті. Ол Испанияның бұл клубында 21 жыл доп тепті, деп хабарлайды zakon.kz centralasian.org-ке сілтеме жасап.

Шілдеде Мессидің келісімі аяқталды. Клуб басшылығы жаңа келісімге отыру "қаржылай және ұйымдастыру қиындығына байланысты мүмкін емес" деп хабарлады.

Sports.ru басылымының мәліметінше, 34 жастағы шабуылшының клубтан кетуіне "Барселонадағы" қаржы қиыншылығы себеп болған. Коронавирус пандемиясы кезінде клуб табысы едәуір кеміген. Өткен маусымда "Барселона" футболшылар жалақысына 671 миллион евро жұмсаса, енді клуб 383 миллионға шектелуге мәжбүр.

Месси командада жылына 90 миллионнан астам евро алып келді. Былтыр ол жалақасы жоғары футболшылар тізімінде бірінші орында тұрды. Хабарларға қарағанда, аргентиналық футболшы "Барселонада" қалу үшін жалақыны екі есе азайтуға дайын болған, бірақ клуб оны да төлей алмай отыр.

Лионель Месси "Барселонаға" 2000 жылы 13 жасында келген. Төрт жылдан соң ол команданың негізгі құрамында ойнады. Месси "Барселонада" 520 ойын өткізіп, 474 гол соқты. "Барселона" сапында он мәрте Испания чемпионы атанды, жеті мәрте ел кубогын жеңіп алды, төрт рет УЕФА Чемпиондар Лигасын бағындырды. Месси "Алтын допты" алты мәрте алды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: