Жаңалықтар тізбегі
0

Ауылдағылар жем-шөптің қымбаттығынан малын союға мәжбүр - СҚО әкімдігі түсінік берді

pixabay.com, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.08.2021 17:53 pixabay.com
Жалпы, облыста мал басының өсімі байқалады.

Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі шаруалардың жем-шөп бағасының қымбаттығы салдарынан малын жаппай союға мәжбүр екендігі туралы мәліметке жауап берді, деп хабарлайды zakon.kz.

Бірқатар телеарналар ауылдан түсірілген сюжетті көрсетті. Онда Солтүстік Қазақстан облысы, Есіл ауданы, Покровка ауылында бір отбасы мысалға ала отырып, шөптің қымбаттығына байланысты аймақта малды жаппай пышаққа салып жатыр деген қорытынды жасалады.

Айта кету керек, Покровка ауылында алты ауылшаруашылық құрылымында шабындық бар. Оның ішінде үш шаруа қожалығы ("Агро-Сега" ЖШС, "Тұрмыс" ЖШС, "Камен Мадина" ЖШС) меншікті малына, Покровка ауылы жұмысшылары мен акционер-тұрғындарына шөп дайындайды. Сондықтан бүгінде ауыл тұрғындарын шөппен қамтамасыз ету жеткілікті деңгейде.

Сонымен қатар, қалған үш шаруа қожалығы ("Достық" шаруа қожалығы, жеке кәсіпкер "Завялов В.В." және жеке кәсіпкер "Иванов Н.Н.") ауыл тұрғындарына шөп сатады. 300 келі салмақтағы орам үшін нарықтағы баға 5 мың теңге. Олардың ақпараты бойынша, аталған шаруа қожалықтарына сюжетте мысалға келтірілген азамат Фабер С. шөп алу үшін жүгінбеген.

Аудан әкімдігі шөптің құнын асыра көрсетудің кейбір фактілерін тексерді. Аудит нәтижесі бойынша ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілермен жемге алыпсатарлық баға белгілеуге жол бермеу туралы келісімге қол жеткізілді.

Жалпы, облыста мал басының өсімі байқалады.

1 шілдедегі жағдай бойынша ірі-қара 495,2 мың басты құрап, өткен жылмен салыстырғанда 103,5% өсті. Ұсақ мал - 623,1 мың бас, өсім - 103,3%. Жылқы - 180,8 мың бас, өсім - 102%. Шошқа - 249,6 мың бас, өсім - 106,2%.

Айта кетсек, Наталья Фабер қолда қалған 13 ірі-қараның аузына салатын шөп жоқтығына шағымданып, оларды енді союдан басқа амалы қалмағанын айтқан. Өйткені, оның айтуынша, былтыр 3 мың теңге тұратын бір түк шөптың биылғы құны 12 мың теңге болып кеткен.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: